Жандарбек Бекшин: Бірреттік маскамен 3 сағаттан ұзақ жүруге болмайды

1556

Жандарбек Бекшин медициналық маска тағудың тәртібін түсіндірді. Медициналық маска коронавирустан қорғай ала ма?

Жандарбек Бекшин: Бірреттік маскамен 3 сағаттан ұзақ жүруге болмайды

Коронавиурустық инфекциядан медициналық масканың көмегімен ғана сақтануға болады деген ақпарат дұрыс емес. Оның үстіне оны тағудың өз тәртібі бар. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин осындай мәлімет айтты.

"Менің ойымша масканы ең әуелі медицина қызметкерлері күнде тағып жүруі керек. Онсыз да вирустық инфекциялар мен суық тию жиілеп тұр. Ал суық тию белгілері мен коронавирус симптомдары өте ұқсас. Сондықтан медициналық қызметкерлер маска тағып жүруі керек.  Осы арқылы бір жағынан өздерін, екінші жағынан алдына келген иммунитеті төмен науқастарды қорғайды. Отбасыңызда, жұмыс істеп жүрген ортаңызда жөтеліп немесе түшкіріп жүрген адамдар болса, маска тағу керек. Ең бастысы, суық тию белгілері бар адамдарға маска таққызу керек. Ең әуелі маска соларға керек", – деген бас санитардың орынбасары 2009 жылы тұмау туралы алыпқашпа әңгімелерден кейін медициналық масканың саудасы қалай қызғанын журналистердің есіне салды.

"2009 жылы тұмаудың қауіпті түрі ушыққан кезде елдің бәрі көшеде маскамен жүрген болатын. Оның не қажеті бар? Біріншіден, бірреттік маскамен 3 сағаттан ұзақ жүруге болмайды. 3 сағат сайын ауыстырып отыру керек. Әйтпесе, тұмау сияқты вирустарға қолайлы жағдай тууы мүмкін. Сондықтан күнұзақ бір маскамен жүру қауіпті. Жаңалап отыру керек", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу