Жаңғақтар бағасы бір жылда 3,9% өсті

515

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. 

Жаңғақтар бағасы бір жылда 3,9% өсті Фото: Спортмастер

Фундук, бадам, кешью, грек жаңғағы сияқты жаңғақтардың бағасы жылдық мәнде (2022 жылдың тамызы мен 2023 жылдың тамызын салыстырғанда) 3,9% қымбаттады.

Айта кету керек, Қазақстан өңделген және консервіленген жемістер мен жаңғақтарды өндіреді, былтырғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда биылғы сәйкес уақыт аралығында өндіріс көлемі 42,1% өсті.

Осылайша, биыл 7 ай ішінде Қазақстанда 5,9 мың тонна өңделген және консервіленген жеміс пен жаңғақ өндірілді.

Дегенмен импортталатын өнімнің үлес салмағы әлі де басым, нарықтағы өнімнің 93,9% сырттан әкелінген – 90,2 мың тонна.

Алғашқы жеті ай ішінде ішкі нарықта саудаланған өнім көлемі 89,2 мың тоннаны құрады — бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,4% артық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу