Жобаның жалпы құны – 12,4 млрд теңге. Зауыт толық іске қосылғаннан кейін жылына шамамен 250 мың тонна қант қызылшасын өңдеуге қауқарлы болады. Ал тәулігіне өндірістік қуаты 3 мың тонна қант қызылшасын өңдеуге жетеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазіргі уақытта негізгі өндірістік нысандарда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, қажетті шаралардың басым бөлігі аяқталды.
Қант қызылшасын қабылдау, жуу, өңдеу, шырынды тазарту, сүзу, буландыру, кристалдандыру және центрифугалау желілеріне арналған негізгі технологиялық жабдықтар жеткізіліп, монтаждау жұмыстары атқарылып жатыр.
Бүгінде зауытты іске қосуға дайындық деңгейі 95 пайызды құрайды. Жұмыстарды жеделдету үшін 10 мердігер ұйым екі ауысымда еңбек етуде.
Мемлекет тарапынан кәсіпорынға қажетті жер телімдерін рәсімдеу, газ және электр қуатының көлемін арттыру мәселелері бойынша тиісті қолдау көрсетілген.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес шикізатты қабылдау жұмыстары 25 қазаннан бастап бекітілген кестеге сай жүргізілуде. Қазіргі уақытта тәулігіне 1000 тонна шикізат қабылдануда. Қараша айында бұл көрсеткішті кезең-кезеңімен арттыру жоспарланып отыр.