Жәнібек Әлімханұлы Канадада жекпе-жек өткізеді

875

Әлімханұлының 28 наурызда Квектегі бокс кешінде рингке шығатыны хабарланды.

Жәнібек Әлімханұлы Канадада жекпе-жек өткізеді Фото: express-k.kz

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) бірінші рет Канадада жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

ESPN журналисті Стив Ким өзінің твиттер желісінде орта дивизионда WBC Continental Americas және WBO Global титулдарына ие Әлімханұлы 28 наурыз Квектегі бокс кешінде рингке шығатынын хабарлады. Бұл бокс кешінің басты кезедсуінде жартылай ауыр салмақта IBF және WBC чемпионы ресейлік Артур Бетербиев (15-0, 15 КО) қытайлық Мэн Фаньлунмен (16-0, 10 КО) жұдырықтасады.

Еске салайық, Жәнібек кейінгі рет рингке 10 қараша АҚШ-тың Фресно қаласында шығып, канадалық Альберт Онолуносені (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта нокаутқа түсірген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу