Жансай Смағұлов PARIS GRAND SLAM турнирінен күміс алды

975

Франция астанасы Парижде дзюдодан Grand Slam турнирі өтіп жатыр.  

Жансай Смағұлов PARIS GRAND SLAM турнирінен күміс алды

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті деп хабарлайды Olympic.kz. 

73 келіде белдескен Жансай Смағұлов ақтық сында жапониялық Соичи Хашимитомен күрескен болатын. Тартысты кездесуде Жансай қарсыласқа "ваззари" әдісімен жол берді. 

Финалға дейін Жансай Смағұлов Молдова, Оңтүстік Корея, Канада, Грузия және Тәжікстан спортшыларын жеңді. 

Айта кетелік, бұл Смағұловтың биылғы маусымдағы алғашқы жүлдесі. Ал осыған дейін 60 келіде белдескен Елдос Сметов турнирдің қола жүлдегері атанды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу