Олар Ақтауға республикалық деңгейдегі мамандарды жіберуді, сондай-ақ қажет болған жағдайда баланы санитарлық авиациямен тасымалдау мәселесін қарастыруды сұрап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Бекарыс Қанатбайдың туыстары бейнеүндеу жолдады. Олардың сөзінше, бала 4 күннен бері ауыр халде жатыр.
Отбасы Астанадан реаниматолог, балалар нефрологы, инфекционист және басқа да бейінді мамандардың тікелей қатысуын сұрап отыр. Олар бұған дейін Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасына жүгінгенін айтады.
Басқарма елордалық мамандардың дәрігерлерге онлайн режимде кеңес беріп, емдеу бойынша ұсыныстар жасап жатқаны белгілі болды. Бекарыс Қанатбайдың отбасы дәрігерлердің Ақтауға тікелей келуін ұйымдастыруды сұрады.
Балаға толық медициналық тексеру жүргізіп, консилиум ұйымдастыру қажеттігі де айтылды. Егер баланың беті бері қарамаса, оны санавиациямен жоғары деңгейлі медициналық мекемеге тасымалдау мүмкіндігін қарастыру да сұралған.
Басылымның жазуынша, бала ысталған балық жегеннен кейін ауруханаға түскен. Онда ауыр дәрежедегі ботулизм белгілері байқалды.