Жансая Әбдімәлік турнирден кетуін түсіндірді, ал ФИДЕ басшысы шахматшылардан кешірім сұрады

738

Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворкович Үндістандағы Гран-при турнирінің қатысушыларынан кешірім сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жансая Әбдімәлік турнирден кетуін түсіндірді, ал ФИДЕ басшысы шахматшылардан кешірім сұрады Фото: Ашық дерек көздерінен

ФИДЕ сайтындағы мәліметке қарағанда, Үндістанға келген шахматшылар ұйымдастырушылардың өрескел қателігінен бірқатар қолайсыздыққа тап болған.

Соның салдарынан Қазақстан өкілі Жансая Әбдімәлік жарысқа қатысудан бас тартқан. 11 шахматшы қалғандықтан, турнир кестесін қайта жасауға тура келді, дегенмен Гран-при кезеңі өтеді.

Дворкович қалған 11 қатысушыдан кешірім сұрап, барлығына хат жолдаған.

"ФИДЕ сондай-ақ қосымша координатор белгілейді. Ол толығымен қатысушылардың қарамағында болады және кез келген барлық қосымша шығынға өтемақы ұсынады", - делінген ФИДЕ сайтында.

Бұдан бөлек әйелдер турнирлерін ұйымдастырудың қағидасы мен стандарты қайта жіті қаралып, алдағы іс-шараларды ұйымдастырушылардың біліктілігі арттырылатыны жазылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу