Жансель Дениз Манчестер қаласындағы таэквондо жарысында өнер көрсетеді

197

Әлемнің ең үздік таэквондошылары Ұлыбританиядағы "Дүниежүзілік Таэквондо Гран-приіне" қатысады. 

Жансель Дениз Манчестер қаласындағы таэквондо жарысында өнер көрсетеді Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

2 және 3 желтоқсан аралығында Манчестерде (Ұлыбритания) таэквондодан Гран-при сериясы турнирінің финалдық кезеңі өтеді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Olympic.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл жарысқа Қазақстаннан бір ғана спортшы қатысады. Жансель Дениз медаль үшін басқа таэквондошылармен таласқа түседі.

Жансель өзінің 67 килограмнан астам салмағымен әлемдік рейтингте 14-ші орынды иеленіп отыр. Ол Джакартадағы Азия ойындарының күміс жүлдегері және Ханчжоу ойындарының қола жүлдегері.

Айта кетейік, Гран-приде 38 елден 128 спортшы бақ сынайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу