Жануарларға арналған орталық құрылысына төрт гектар жер бөлінді

802

Жануарларға арналған орталық құрылысына төрт гектар жер бөлінді

"Астана ветсервис" диреткорының м.а. Айдархан Арыстанов айтты, деп хабарлайды elorda.info.

"Күн сайын 109 бірыңғай байланыс орталығына түскен шағымдар бойынша жұмыс істеледі. Қазір иттердің үйір болып қала кезіп жүретін кезі. Күн жылына бастаған соң біздің кәсіпорын жұмысы күшейтіле бастады. Жыл басынан бері Астанада шамамен 1300 бас ит пен мысық ауланды", - деді Арыстанов.

"Астана Ветсервис" мәліметінше, бүгінгі күні ауланған жануарларға арналған орталық толып тұр. Орын тапшылығын контейнерлердің көмегімен шешу көзделіп отыр. 

"Бізде контейнерлер бар. Күн жылысымен жануарларды соған орналастырамыз. Барлығы 80-90 орынға есептелген. Сонымен бірге бұл мәселені жануарларды тұрғындарға беру арқылы шешіп отырмыз, яғни кез келген адам келіп біздің орталықтағы жануарды асырап ала алады. Қазіргі күні уақытша орталықта 400-ден астам ит бар. Ал тек жылдың басынан бері 200-ден астам жануарды астаналықтар алып кетті", - деді ол.

Айта кетейік, өткен жылдан бері елордада жануарларға арналған жаңа орталықтың құрылысы туралы мәселе көтерілген болатын. 

"Жаңа тұрғынжайға қатысты әкім жиналыс өткізді. Білетінім, бүгінгі күні ЖСҚ дайын, құрылысқа қажетті төрт гектар жер телімі бөлінді. Жануарлар үйі 500 ит пен 100 мысыққа арналған.  Онда автокөліктерге арналған гараж, жануарларды серуендету алаңдары, үйрету алаңдары мен байланыс зообағы болады деп жоспарланған. Жоба мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде жүзеге асырылады", - деді Айдархан Арыстанов. 

 Сонымен бірге ветсервис қызметі тұрғындар тарапынан жануарларды аулау кезінде қатігездік танытады деп бірқатар сынға ұшыраған болатын. Осыған орай, әрбір ит аулаушының арнайы киіміне бейнекамера орнатылған және автокөліктер де бейнерегистратормен жабдықталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу