Ақтөбеде әкімдік шатыры жанғанда 3 өрт сөндіруші туды аман алып шықты

131

Экшн-камераға түсірілген кадрларда құтқарушылардың өрт ішіндегі батыл әрекеті көрініс тапты.   

Ақтөбеде әкімдік шатыры жанғанда 3 өрт сөндіруші туды аман алып шықты Фото: ҚР ТЖМ

Жанып жатқан әкімдік ғимаратында өртті оқшаулау кезінде мамандар шатырға көтеріліп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын қауіпсіз жерге түсірді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Құтқарушылар туға зақым келтірмей, оны мұқият алып шыққан. Бұл сәт өрт сөндіру жұмыстарының ең қауіпті кезеңдерінің бірінде жүзеге асқан.

Тілсіз жаумен күрес барысында да мамандар елдің рәміздеріне деген құрметтің жоғары екенін көрсетті. Қауіп-қатерге қарамастан, олар мемлекеттік туды сақтап қалуға басымдық берді.

Оқиға куәгерлері бұл әрекетті нағыз кәсібилік пен патриотизмнің үлгісі ретінде бағалап отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу