2010 жылы елде болған оқиғалар елдің тұтастығына нұқсан келтіруі мүмкін еді – Садыр Жапаров

704

Мемлекет басшысы Қырғызстанда бірлік пен татулық әрқашан ел басшылығының назарында болуы керек екенін айтты.

2010 жылы елде болған оқиғалар елдің тұтастығына нұқсан келтіруі мүмкін еді – Садыр Жапаров

2010 жылдың маусым айында Қырғызстанның оңтүстігінде этникалық қырғыздар мен өзбектер арасындағы қақтығыс орны толмас қасіретке алып келуі мүмкін еді. Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қан төгілді, аналар мен әкелердің көз жасы төгілді, балалар жетімге айналып, әйелдер жесір қалды. Ең қауіптісі, бұл қайғылы оқиғалар еліміздің тұтастығы мен бірлігіне нұқсан келтіруі мүмкін еді", – деді ол.

Оның айтуынша, сол кезде оңтүстік облыстардағы сыртқы деструктивті күштер, сондай-ақ сепаратистер халықтың бірлігін ойран қылу үшін әрекет еткен.

"Олар біздің мемлекетіміздің болашағын құртуға тырысты, сондықтан ұлттарды араздастырып қойды", – деді президент. Жапаров Қырғызстанда ұлттық бірлік пен татулық  әрқашан ел басшылығының назарында болуы керек екенін айтты. "Ұлттық саясатты жүзеге асыру мәселесін мұқият қарау керек", – деп басып айтты ол.

Еске сала кетсек, 2010 жылғы 10-11 маусымда Қырғызстанның оңтүстігінде этникалық қырғыздар мен этникалық өзбектер арасында қақтығыстар болды. Ош және Жалал-Абад облыс орталықтарындағы қақтығыстар мен тәртіпсіздіктердің салдарынан 3 746 ғимарат өртеніп, олардың басым бөлігі қирап қалды. Тәртіпсіздік фактілері бойынша 5 мыңнан астам қылмыстық іс қозғалды. 3,9 мың адам жәбірленуші болып танылды.

Ресми ақпарат бойынша, тәртіпсіздік барысында 400-ден астам адам қаза тауып, 2 мыңға жуығы жарақат алды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу