Жапондық бизнесмендер АЭА-та жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін зерттеді

1085

Жапондық бизнесмендер АЭА-та жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін зерттеді

Қарағандыда әлеуетті инвесторларға еліміздің арнайы экономикалық аймақтарын таныстырған форум өтті. Форумға Жапониядан келген делегация және Қазақстандағы ірі халықаралық компаниялардың өкілдері қатысты. Шетелдік қонақтар қазақстандық әріптестерімен жақынырақ танысып, ортақ қызығушылықтарды анықтап байланыс орнату мақсатында келген екен.
Халықаралық форумды Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы ұйымдастырды. 
"Біз АЭА және индустриалды аумақтарға арналған осындай форумды алғаш рет өткізіп отырмыз. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу және инвесторларды іздеуге көмектесу. Мұнда алыс шет елдерден келген қонақтар бар, ауқымды жапондық делегация келді, - деді "Kazakh Invest" ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Біржан Канешев. – Бүгінгі род-шоу республикамыздың АЭА басқару компаниялары, АЭА резиденттері, құзырлы мемлекеттік органдар тарапына да, әлеуетті отандық және шет елдік инвесторлар жағына да тікелей келісімсөз жүргізуге арналған алаң болып табылады". 
Жапондық бизнесмендер серіктестік құруға қызығушылық танытты. 

Форумда Қазақстанның АЭА электронды интерактивті картасының сынама түрі таныстырылды. Ол қарағандылық "Сарыарқа" АЭА негізінде құрылған. Каратада қолжетімді, бос жер телімдері, компаниялардың байналыс мәліметтері келтірілген. Интерактивті база инвестициялық жобаның жүзеге асу деңгейін және инфрақұрылымдар құрылысының кезеңдерін көруге мүмкіндік береді. 
Шет елдік қонақтарға Алматы, Қарағанды, Шымкент және Павлодар қалаларының АЭА таныстырылды. Сонымен қатар "Сарыарқа" АЭА-да жүзеге асырылған сәтті жобалардың бірі – "RecyclingCompany" ЖШС-нің ескі көліктерді жоюмен айналысатын зауыты көпшілік назарына ұсынылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу