Жапондық компаниялармен ортақ жобалар іске асырылады

1113

Kawasaki компаниясы Түркістан қаласындағы 50 мвт бу-газ электр станциясын салу жобасы үшін өз технологиясын ұсынды.

Жапондық компаниялармен ортақ жобалар іске асырылады

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тацухико Касаи мырзаны және жапондық Kawasaki мен Marubeni компаниясының өкілдерін қабылдады. Кездесуде тараптар екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысының айтуынша, Жапония Қазақстан үшін, және Түркістан облысына маңызды стратегиялық серіктестердің бірі. Күншығыс елінен өңірге гербицидтердің үлкен көлемі импортталады.

"Түркістан облысы мен Жапония арасында өзара тиімді өндірістік, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру үшін үлкен перспективалар бар екеніне сенімдімін. Біз бірлескен жобаларды іске асыру үшін толық қолдау көрсетуге дайынбыз",– деді Өмірзақ Шөкеев.

Kawasaki компаниясы Түркістан қаласындағы 50 мвт бу-газ электр станциясын салу жобасы үшін өз технологиясын ұсынды. Өз кезегінде облыс әкімі жапондық өнім сапасын жоғары бағалайтындығын білдірді.

Айта кету керек, биылғы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша облысқа Жапониядан жалпы сомасы 513 мың АҚШ долларын құрайтын тауарлар импортталған. Оның басым бөлігі автомобильдер мен олардың жиынтықтары, гербицидтер мен электр құралдары.

Қазақстанда жапон капиталының қатысуымен мұнай мен газ, металлургия, қаржы, тау-кен өнеркәсібі, автомобильдерді көтерме бағамен сату, электр байланысы, ағаш дайындау және логистика сияқты салаларда 80-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу