Жапондық Nissan компаниясының басшысы қызметінен кетті

864

Жапондық Nissan компаниясының басшысы қызметінен кетті

Жапонның көлік өндіруші Nissan Motor компаниясының атқарушы директоры Карлос Гон қызметінен кетпекші, оның орнына компанияның топ-менеджері Хирото Саикава отырады, деп хабарлайды РИА Новости.

"Mitsubishi Motors-та жаңа міндеттер ала отырып және  Nissan акционерлерінің алдағы жалпы жиналысын ескеріп, Хирото Саикаваның менің Nissan-дағы атқарушы директор қызметімді алмастыратын уақыты жетті деп шештім", –  делінген компанияның ресми сайтында жариялаған Гонның сөзінде.  Саикава бұл міндетке 1 сәуірде кіріседі.

Nissan Motor –  Жапониядағы ірі көлік өндірушілердің бірі. Ол Renault-Nissan альянсы құрамына енеді. Компанияның штатында 247,5 мыңдай адам  бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу