Жапондықтар Марсқа ғарыш аппаратын ұшырды

150

Жобаның құны 578 млн АҚШ долларын құрайды.

Жапондықтар Марсқа ғарыш аппаратын ұшырды Фото: Reuters

Жапония Марстың Фобос және Деймос серіктерін зерттеуге арналған MMX ғарыштық миссиясын ұшырды. Бес жылға жоспарланған халықаралық миссия аясында ғалымдар қызыл планетаның жанындағы Фобостан топырақ пен тас үлгілерін жинап, оларды Жерге алып келмек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "24KZ" телеарнасына сілтеме жасап.

Кейінгі 50 жылда NASA Марсқа тоғыз ғарыш аппаратын сәтті қондырды. 2021 жылы Қытай да жетістікке жетті. Алайда осы уақытқа дейін бірде-бір мемлекет Күншығыс елі жоспарлап отырған Марс серігіне ғарыш аппаратын қондырып көрмеген.

Сондай-ақ Марс пен оның серіктерінен алынған үлгіні Жерге жеткізу әлі жүзеге асқан жоқ. Жапон ғалымдары миссия 2031 жылы сәтті аяқталады деп жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу