banner

Жапония алдағы үш жылда Африка елдерін дамытуға 30 млрд доллар бөледі

760

Бұл ел ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру және құқықтану сияқты салаларда кемінде 300 мың маман оқытуға көмектесетінін жариялады.

Жапония алдағы үш жылда Африка елдерін дамытуға 30 млрд доллар бөледі

Жапония алдағы үш жылда Африка елдерін дамытуға 30 миллиард доллар бөледі. Оның басым бөлігі адам капиталына инвестициялар құюға жұмсалады. Бұл туралы Жапония премьер-министрі Фумио Кисида Тунисте өтіп жатқан "Африканы дамыту жөніндегі Токио халықаралық конференциясына" (TICAD) қатысушыларға арналған онлайн үндеуі барысында мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сонымен қатар Кисида алдағы үш жылда Жапония ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру және құқықтану сияқты салаларда кемінде 300 мың маман оқытуға көмектесетінін жариялады.

Ол Жапония елінің Африканың дамуына барынша көмектесетінін айтты. Бастапқыда Кисида Туниске барады деп хабарланған еді. Бірақ ол коронавирусқа шалдығып, оның орнына СІМ басшысы Есимаса Хаяси Туниске аттанды.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу