Жапония Беларуссияға қарсы санкция салуға уәде берді

1005

Ел билігі Беларуссияның Ресейді қолдауын айыптайды.

Жапония Беларуссияға қарсы санкция салуға уәде берді

Жапония Премьер-Министрі Фумио Кисида Беларуссияға қарсы санкциялар салуға уәде берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Үкімет басшысының айтуынша, Жапония Украинадағы "әскери операцияға" Беларусьтар да қатысуда деп есептейді. Сондықтан оған қарсы шектеу жариялауы мүмкін. Санкциялар экспор, Президент Александр Лукашенко және заңды тұлғаларға әсер етеді. Ел билігі Беларусьтің Ресейді қолдауын айыптайды.

Бұған дейін Токио Мәскеуге қарсы шектеу жариялаған еді. Санкциялар аясында Донецк халық республикасы және Луганск халық республикасы өкілдеріне виза беру тоқтатылады. Сонымен қатар Жапонияда жаңа облигациялар шығаруға тыйым салынады.Жапония Премьер-Министрі Ресейді Украина төңірегіндегі жағдайды дипломатиялық жолмен реттеуге шақырды.

Табиғат Нұрболат

Фото: aa.com.tr

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу