Жапония билігі елдегі басты көрнекі орындардың біріне келушілерге шектеу қоймақ

372

Мұндай шаралар туристердің тым көп болуына байланысты болып отыр.

Жапония билігі елдегі басты көрнекі орындардың біріне келушілерге шектеу қоймақ Фото: nippon.com

Жапония билігі елдегі басты көрнекі орындардың бірі - Фудзи тауына көтерілуге шектеу қоймақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Travel and Leisure Asia порталына сілтеме жасап.

1 шілдеден бастап туристер таудың солтүстік бөлігінде орналасқан Есида соқпағымен көтерілу үшін ақы төлейтін болады. Оның нақты қандай сома болатыны ақпан айының ішінде белгілі болады.

Сонымен қатар келушілер үшін күндізгі уақытта лимит енгізіледі - 4000 адамнан аспауы қажет. Сондай-ақ, енді тек 16:00 - 02:00 аралығында ғана тауға шығуға болады. 

Портал мәліметінше, мұндай шаралар туристердің тым көп болуына байланысты екен, соның салдарынан қоқыс көбейген және тәжірибесіз саяхатшылардың жарақат алу жағдайы артқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу