Жапония ғарышқа аттанатын жаңа кандидаттарды таныстырды

Болашақта олар Халықаралық ғарыш станса және Ай миссияларына қатыса алады.  

Жапония ғарышқа аттанатын жаңа кандидаттарды таныстырды Фото: nhk.or.jp

Жапонияның аэроғарыштық барлау агенттігі (JAXA) болашақ ғарыштық миссиялар үшін таңдалған екі жаңа үміткерінің есімдерін жариялады.

Ғарыш департаментінің мәліметінше, үміткерлерді іріктеу 2022 жылдың сәуір айында басталған. Барлығы 4 мыңнан астам өтініш тіркелген.

Іріктеу нәтижелері бойынша команда құрамына Дүниежүзілік банктің бас маманы 46 жастағы Макото Сува мен Жапония Қызыл Крест медициналық орталығының хирургы 28 жастағы Аю Ёнэда кірді.

Үміткерлер биылғы сәуір айында екі жылға созылатын негізгі оқыту курсын бастайды. Курс соңында мамандар үміткерлердің миссияларға дайындығын бағалайды: егер Сува мен Ёнэда қажетті сертификаттаудан сәтті өтсе, олар JAXA астронавты болады.

Ғарышкерлер әртүрлі ғарыштық миссияларға, соның ішінде Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС), басқарылатын Ай станциясы Gateway және Айдың бетіне ұшуға қатысады деп жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу