Жапония Қазақстанға ядролық сынақтардан зардап шеккендерге көмек көрсетуге қаржы бөледі

195

Бұл жөнінде Қазақстанның Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Жапония Қазақстанға ядролық сынақтардан зардап шеккендерге көмек көрсетуге қаржы бөледі Фото: Виктор Федюнин

Қазақстан мен Жапония арасында ядролық сынақтардан зардап шеккендерге қолдау көрсетуге бағытталған қайтарымсыз грант бөлу туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды. 

Астанаға алғаш ресми сапармен келген Жапония Сыртқы істер министрі Такеши Иваямен өткен кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолдары мен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

 Әріптесіммен аймақтық және жаһандық мәселелер бойынша пікір алмастық. Қазақстан мен Жапонияның көптеген халықаралық тақырыптардағы ұстанымы ұқсас. "Орталық Азия – Жапония" диалогын одан әрі ілгерілетуге ниеттіміз. Екі ел де әлемде ядролық қарусыздануды қолдайды. Бұл сапардың Семей ядролық полигонының жабылу күні қарсаңында өтуі символдық мәнге ие, – деді Мұрат Нұртілеу.

Оның айтуынша, Жапония Қазақстанға жалпы сомасы 7,4 млн доллар көлемінде грант бөледі. Бұл қаржы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге бағытталады.

Биыл Хиросима мен Нагасаки қасіретіне 80 жыл толса, келесі жылы Семей ядролық полигонының жабылғанына 35 жыл болады.

Сонымен қатар министр Осакада өтіп жатқан ЭКСПО көрмесінде Қазақстанның жетістіктері таныстырылып жатқанын және оның сәтті өтуіне тілек білдірді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу