Жапония Киевтегі елшілігінің жұмысын қайта бастайды

533

Жапония 5 қазанда Украинада Ресей Федерациясының арнайы әскери операциясы басталғаннан кейін уақытша жабылған Киевтегі елшілігінің жұмысын қайта бастайды. Бұл туралы жапон СІМ хабарлады.  

Жапония Киевтегі елшілігінің жұмысын қайта бастайды

Консулдық қызметтер Жапонияның Варшавадағы елшілігінде немесе Жешувтегі өкілдігінде ұсынылады. Киевтегі елшіліктің жұмысын жандануына байланысты оның Львовтағы байланыс бөлімі жабылады.

Жапонияның Украинадағы елшісі Кунинори Мацуда 22 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында Киевке барып, ондағы жағдайға өз бағасын берді. Соған сәйкес кейін дипломатиялық миссияны қайта бастау туралы шешім қабылданды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу