Жапония Қытай кемелерінің Сенкаку аралдары аймағына кіруіне наразылық білдіруде

642

Қытай кемелерінің даулы Сенкаку (Дяоюйдао) аралдарындағы аймаққа кіруіне жол бермеу керек, себебі ол Жапонияның аумақтық сулары. 

Жапония Қытай кемелерінің Сенкаку аралдары аймағына кіруіне наразылық білдіруде Фото: img1.eadaily.com

Бұл туралы Токиода өткен баспасөз мәслихатында Жапон минкабинетінің Бас хатшысы Хироказу Мацуно мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Хатшы 22-25 желтоқсан аралығында қытайлық күзетшілер осы аумаққа кіріп, рекордтық уақыт болғанын айтты.

"Қытай кемелері [Жапонияның] аумақтық суларында 72 сағат 45 минут болды - рекордтық уақыт. Өкінішті, келесіде мұндайға жол бермеу керек", — деді Мацуно.

Жапония Үкіметінің өкілі Токио бұл мәселе бойынша Пекинге дипломатиялық арналар арқылы наразылық білдіретінін айтты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу