Жапония мен АҚШ арасындағы сауда келіссөздері аяқталды

1197

Келісімнің қорытындысы БҰҰ-ның Бас ассамблеясының сессиясы кезінде жарияланбақ. Бұл туралы Жапония Сыртқы істер министрі Тосими Тосимицу Мотэги хабарлады. 

Жапония мен АҚШ арасындағы сауда келіссөздері аяқталды

Бұған дейін Ақ үй басшысы Дональд Трамп Токиомен келісімге келетінін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ ол Жапониямен цифрлық саудаға қатысты атқарушылық келісім орнатуды көздейтінін жеткізген еді.

Айта кетейік, қос тарап арасындағы сауда келіссөздері биылғы жылдың сәуір айынан бастап жүргізіліп келеді. Әзірге қос ел арасында еркін сауда жүргізу туралы құжат қабылданбаған.Осы мәселе төңірегінде Жапония үкіметінде қазір қызу талқылаулар өтіп жатыр. Әсіресе ауыл шаруашылығы лоббиі баж салығының шамадан тыс төмендеуіне қарсылығын білдірді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу