Жапония пандемияның екінші толқыны басталатынына сенімді

937

Елдің экономиканы қалпына келтіру министрлігі індеттің ендігі екпінін бәсеңдету үшін қолдан келгенді жасау керектігін айтты.

Жапония пандемияның екінші толқыны басталатынына сенімді

Жапонияда Covid-19 дертінің қайтадан өршитіні сөзсіз, дегенмен жергілікті билік вирустың қарқынды түрде үдеюіне жол бермейді. Экономиканы қалпына келтіру министрі Ясутоси Нисимура осындай мәлімдеме жасады.

Оның сөзінше, үкімет пен тиісті ведомстволар ТЖ режимі тоқтатылған аймақтардағы коронавирустың таралу динамикасын бақыламақ. Бұған дейін министр елдің батысындағы жағдай тұрақталғанын және осы орайда төтенше жағдай режимін алып тастауға болатынын мәлім еткен еді. Енді осы өңірдегі үш префектура: Киото, Осака және Хегодаға режимді мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім Синдзо Абэның жетекшілігімен өтетін үкімет отырысында қабылданады. 

8 сәуірде Токио мен Канагава, Сайтама, Тиба, Осака, Хего, Фукуока префектураларында ТЖ режимі енгізілген еді. 16 сәуірде мұндай тәртіп елдің барлық өңірлерінде жарияланды. Кейін режим 31 мамырға дейін созылды. 
Дегенмен өткен аптада билік 47 префектураның 39-ындағы ТЖ режимін мерзімінен бұрын алып тастады. Токио, Канагава, Сайтама, Тиба, батыс Хего, Киото, Осака мен солтүстік Хоккайда бұрынғы өміріне қайта орала қойған жоқ. Осы аймақтардағы жалпы халық саны шамамен 60 миллионға жетеді. 

Соңғы мәлімет бойынша, Жапонияда вирус жұқтырғандардың саны 17,1 мыңнан асып, оның 780-і қайтыс болды. 13 мыңға жуығы жазылған. 214-і ауыр халде. 

Табиғат Нұрболат

Фото: france24.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу