Жапония парламентінде Қазақстанның 35 жылдағы жетістіктері таныстырылды

224

Іс-шара жапон саяси қауымдастығының Қазақстанға деген тұрақты қызығушылығын көрсетіп, екіжақты қатынастардың серпінді сипатын растады.

Жапония парламентінде Қазақстанның 35 жылдағы жетістіктері таныстырылды Фото: gov.kz

Жапония Парламентінің Халықаралық конференц-залында Қазақстанның Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаевтың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жыл ішінде қол жеткізілген негізгі жетістіктерге және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" атты Қазақстан халқына Жолдауының басты қағидаттарына арналған дәрісі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шараға Жапония Парламентінің қос палатасының депутаттарын, мәдениет қайраткерлерін, сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азия бойынша сарапшыларды қоса алғанда, елдің саяси және қоғамдық топтарының 120-дан астам өкілі қатысты.

Елші қатысушыларға қазақстан-жапон қатынастарының өзекті бағыттары туралы әңгімелеп, адами капиталды дамыту және аса маңызды минералдық ресурстарды игеру салаларында ынтымақтастықтың елеулі әлеуеті бар екенін атап өтті. Ол көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударып, Жапониядан Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) арқылы жүк тасымалдаудың сынақ нәтижелері мен осы жылғы желтоқсанда Токио – Алматы тікелей әуе рейсінің іске қосылатыны туралы айтты.

Жапонияның Қазақстанмен достық жөніндегі парламенттік лигасының төрағасы Ясутоши Нишимура Қазақстанның Жапония үшін маңызды әріптес екенін айтып, екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті және жапон тарапының стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді.

Жапония Өкілдер палатасының мүшесі, билеуші Либералды-демократиялық партияның қоғаммен байланыс жөніндегі штабының басшысы Такако Судзуки Қазақстанның саяси дамуының ілгерілемелі сипатын atап өтті. Оның айтуынша, халықаралық белгісіздік жағдайында Жапония мен Қазақстанның тығыз өзара іс-қимылы Орталық Азияда да, әлемде де қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайтудың маңызды факторы болып табылады.

Жапон тарапынан сондай-ақ Жапонияның қорғаныс министрінің орынбасары Киёси Одавара, Өкілдер палатасының Қауіпсіздік комитетінің төрағасы Киёто Цуджи және Кеңесшілер палатасының Сыртқы істер комитетінің мүшесі Ёшихико Ямада сөз сөйледі. Олардың сөздерінің ортақ лейтмотиві Қазақстанның даму қарқыны мен елдің қол жеткізген нәтижелеріне жоғары баға беру болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу