Жапония Премьер-Министрі Ресеймен бейбіт келісім жасасудан бас тартты

958

Әзірге Жапония Ресей Федерациясымен бейбіт келісім жасасуға дайын емес, бірақ ондай мүмкіндікті жоққа шығармайды.   

Жапония Премьер-Министрі Ресеймен бейбіт келісім жасасудан бас тартты Фото: TACC

Жапония Ресеймен Оңтүстік Курилге иелік етуге қатысты бейбіт келісімді талқылауға дайын емес. Бұл туралы елдің премьер-министрі Фумио Кисида мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

“Жапон-Ресей қатынастарындағы жағдай өте күрделі, сондықтан Ресей Федерациясымен бейбітшілік шартын жасасу мүмкіндігін талқылауға әзірге еш негіз жоқ", — деді Фумио Кисида Парламенттегі пікірталас барысында.

Соған қарамастан, Жапония аумақтық мәселені шешу мен бейбітшілік шартын жасасу бағытынан таймағанын, ондай мүмкіндікті жоққа шығармайтынын айтты.

Курил аралдары Екінші дүниежүзілік соғыстан бері екі елдің аумақтық дауына айналған. Себебі бейбітшілік орнағанда Курилдер КСРО еншілігіне көшті, бірақ Токио әлі күнге дейін Кунашир, Шикотан, Итуруп және Хабомай аралдарын өзіне тиесілі деп санайды. Жапония Ресеймен бейбіт келісімге қол жеткізу үшін осы аралдарды қайтаруды талап етеді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу