Жапония Ресейден келетін көмір импортына эмбарго енгізбейді

958

Бұған дейін Еуропалық Комиссия Ресейге қарсы алты элементтен тұратын бесінші санкциялар пакетін енгізуді ұсынды.

Жапония Ресейден келетін көмір импортына эмбарго енгізбейді

Жапония үкіметі Украинадағы оқиғаға байланысты санкцияларды қатаңдату шарасы аясында Ресейден көмір жеткізуге эмбарго енгізбейді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ресейден импортталатын көмірдің көлемі елге әкелінетін көмірдің шамамен 15%-ын құрайды.

Егер ресейлік тауар халықаралық нарықтан шығарылса, Жапония осы энергия ресурсы бағасының өсу қаупіне байланысты оның импортына эмбарго жарияламайды.

Бұған дейін Еуропалық Комиссия Ресейге қарсы алты элементтен тұратын бесінші санкциялар пакетін енгізуді ұсынды. Олардың қатарында көмір импортына тыйым салу, төрт банкқа қарсы шектеулер жариялау, сондай-ақ көлік секторындағы санкциялар бар.

Бірақ әзірге ЕО дипломаттары Ресей Федерациясына қарсы жаңа санкциялар салу туралы ортақ шешімге келген жоқ.

Табиғат Нұрболат

Фото: azernews.az

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу