banner

Жапония Ресейдің 398 азаматы мен 28 ұйымына қарсы санкция енгізді

786

25 наурызда ресми Токио Мәскеуге қарсы экономикалық санкцияларды күшейтті. Жапония Украинадағы жағдайға байланысты Ресейдің 398 азаматы мен 28 ұйымына қарсы қосымша санкциялар енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz елдің Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.   

Жапония Ресейдің 398 азаматы мен 28 ұйымына қарсы санкция енгізді

Қара тізімге енген шенеуніктер мен әскери қызметкерлердің активтері бұғатталып, бірқатар банктердегі транзакцияларға тыйым салынады, импортқа шектеу енгізіледі.

Ресейге қарсы шектеулердің жаңа пакетін 8 сәуірде Жапония Премьер-Министрі Фумио Кисида жариялады. Оның айтуынша, тізімге Ресей саясаткерлері, оның ішінде Мемлекеттік Дума депутаттары мен жеке әскери қызметкерлер енгізіледі. Санкцияға ұшыраған ұйымдардың әскери салаға қатысы бар.

25 наурызда ресми Токио Мәскеуге қарсы экономикалық санкцияларды күшейтті. Жаңа шектеулер пакетіне 25 ресейлік және 81 ұйым кірді.

Бірінші пакет 15 наурызда қабылданған болатын. Оған Ресейдің 17 жеке тұлғасы енді, оның қатарында Мемлекеттік Думаның 11 депутаты бар. 18 наурызда Жапония Ресей Федерациясына қарсы екінші санкциялар пакетін жариялады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу