banner

Жапония Ресейге қарсы санкциялар енгізетінін жариялады

1274

Бұл елдің премьер-министрі Ресейді Украина төңірегіндегі жағдайды дипломатиялық жолмен реттеуге шақырды.

Жапония Ресейге қарсы санкциялар енгізетінін жариялады

Жапония Премьер-Министрі Фумио Кисида Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге қарсы санкциялар енгізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Санкциялар аясында Донецк халық республикасы және Луганск халық республикасы өкілдеріне виза беру тоқтатылады. Сонымен қатар Жапонияда жаңа облигациялар шығаруға тыйым салынады.Жапония премьер-министрі Ресейді Украина төңірегіндегі жағдайды дипломатиялық жолмен реттеуге шақырды.

Еуропалық Одақ та Ресейге қарсы шектеулер тізімін кеңейтіп, Ресейдің 27 жеке және заңды тұлғасына санкциялар енгізді. Олардың арасында Мәскеудің Донбастағы операцияларын қаржыландыратын банктер мен ұйымдар бар. Сонымен қатар Мемлекеттік Думаның 351 депутатына қарсы шектеу жарияланды. ЕО-дан кейін АҚШ Президенті Джо Байден мен Канада Премьер-Министрі Джастин Трюдо да ДНР мен ЛХР-дың егемендігін мойындаған Ресей Федерациясына қарсы санкциялар салатынын жариялады.

Табиғат Нұрболат

Фото: thewall.fyi

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу