Жапония туристер үшін карантин талаптарын жеңілдетті

462

Жапонияға келетін шетел азаматтары туристік топтардың құрамында емес, ел бойынша қайтадан жеке саяхаттай алады. Жапониямен визасыз режим келісімі бар елдерден келетін туристер үшін виза алу талабы жойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жапония туристер үшін карантин талаптарын жеңілдетті Фото: qazaqstan.tv

Бүгіннен бастап, яғни 11 қазанда бизнес және білім беру мақсатында Жапонияға кіруге қатысты қолданылған шектеулердің көбі алынды. Жапонияға күніне 50 мың адамға дейін ғана кіру туралы шектеу алынып тасталды.

Сонымен қатар елге келетіндер вакцинация туралы құжатын ұсынса немесе қолында 72 сағат бұрын тапсырған ПТР тесті болса, міндетті карантин талаптары жойылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу