Жапония Үкіметі Токиодан өзге жерлерге көшкендерге ақша төлейді

604

Жапонияда Токиодан өзге аймақтарға қоныс аударған әр азаматқа 1 миллион йен төленетін болды. Яғни, отбасындағы әр балаға жеке-жеке төленеді.  

Жапония Үкіметі Токиодан өзге жерлерге көшкендерге ақша төлейді Фото: feerie.com.ua

Бұл теңгеге шаққанда 3,5 миллион болады, деп хабарлайды inbusiness.kz mk.ru сайтына сілтеме жасап.

Шара алып шаһардағы халықтың тығыз орналасу мәселесін шешу үшін қолға алынған. Азаматтар қомақты қаржыны алу үшін кем дегенде 5 жыл тұруы тиіс. Егер ерте көшіп кетсе, оны кері қайтаруы керек. Үкімет бастама алдағы 4 жылда Токиодан ауылды жерлерге 10 мың тұрғынның қоныс аударуына әкеп соқтырады деп үміттенеді. Қазір Жапония астанасында 14 миллион адам тұрады. Ал елдің қалған өңірлерінде жастар азайып, халықтың қартайып бара жатқаны байқалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу