Жапония Украинаға химиялық қорғаныс құралдарын жібереді

710

Жүктердің нақты қашан жеткізілетіні жарияланбады.

Жапония Украинаға химиялық қорғаныс құралдарын жібереді Фото: reuters.com

Жапония үкіметі Украинаға химиялық қарудан қорғайтын костюмдер мен маскалар, сондай-ақ дрондар жіберу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz елдің Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

"Украина үкіметінің өтініші бойынша осындай құралдарды жеткіземіз. Қорғаныс министрлігі мен өзін-өзі қорғау күштері Украинаға барынша қолдау көрсетуін жалғастырады", – деп жазылған ведомствоның хабарламасында.

Жүктердің нақты қашан жеткізілетіні жарияланбады. Қорғаныс министрі Нобуо Кисидің айтуынша, Украинаға мұндай көмекті жеткізу қорғаныс құралдарын басқа елдерге жіберу принциптеріне сәйкес келеді.

Бұған дейін Жапония Украинаға гуманитарлық көмек пен жабдықтар берген болатын. Нақтырақ айтқанда, ресми Киевке оқ өтпейтін кеудеше, қорғаныс киімдері, жылы киімдер, шатырлар, санитарлық құралдар, азық-түлік және электр генераторлары тасымалданды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу