Бұл туралы елдің ұлттық метеорологиялық басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС-қа сілтеме жасап.
Жер сілкінісінің магнитудасы 5,5-ке жеткен. Жерасты дүмпуінен кейін цунами қаупі жарияланды, бірақ бірнеше минуттан соң бұл ескерту алынып тасталды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Жергілікті сейсмологтар тиісті аймақ литосфералық тақталардың түйіскен жерінде орналасқан деп отыр. Сол себепті мұнда сейсмикалық белсенділік жоғары. Токара аралдарында 650-ге жуық тұрғыны бар бірнеше шағын ауылдар бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу