Жапонияда бірнеше күшті жер сілкінісі болды

1594

Елде Цунами қаупі жарияланды

Жапонияда бірнеше күшті жер сілкінісі болды Фото: iStock.com

Жапонияның батысында 5,6 және 7 баллдық жер сілкінісі бір-бірінен бірнеше минут ішінде болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Күшті жер асты дүмпулері Осака мен Киотода сезілді. Елде Цунами қаупі жарияланды.

Магнитудасы 7,4 болатын соңғы күшті жер сілкінісі Анамизудан солтүстік-шығысқа қарай 36 шақырым жерде, жергілікті уақыт бойынша 16:10-да (Астана уақыты бойынша 13:10) болды. Жер сілкінісі 40 шақырым тереңдікте болды және аймақта кеңінен сезілді. Жер сілкінісінің тереңдігі аз болуы оның дәл осындай магнитудадағы терең жер сілкінісіне қарағанда эпицентрге жақын жерде күштірек сезілгенін білдіреді.

Жапонияның метеорологиялық агенттігі Исикава, Ниигата және Тояма префектураларының батыс жағалау аудандарында цунами қаупі туралы ескерту жасады.

Биіктігі 5 метрге жететін цунами Исикава префектурасындағы Нотоға дейін жетті, деп хабарлайды метеорологиялық агенттік.

Биіктігі 1 метрден асатын толқын Исикава префектурасындағы Вадзима қаласының жағалауына соқты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу