Жапонияда бүгін 16 мыңнан астам үй жарықсыз қалды

500

Әсіресе Ниигата префектурасы біраз зардап шекті. 

Жапонияда бүгін 16 мыңнан астам үй жарықсыз қалды Фото: interfax.ru

Жапон теңізінің жағалауында және негізгі Хонсю аралының солтүстік-шығысында қалың қардың салдарынан бірнеше аймақта кем дегенде 16 мың үй электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz ТАСС сілтемесімен.

Жапондық Tohoku Electric Power энергетикалық компаниясының ақпараты бойынша, 11 мың үй жарықтан ажыратылған Ниигата префектурасы бәрінен артық зардап шеккен. 

"Қазіргі уақытта энергиямен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде", - делінген компания хабарламасында.

Жексенбіде Жапонияның солтүстік-шығыс аймақтарында қалың қар жауды. Кейбір префектураларда, мысалы, Аомори, Ниигата, Фукусима және Ямагатада қар жамылғысының биіктігі бір-екі метрді құрады, бұл жылдың осы уақыты үшін рекордтық көрсеткіш.

Өңірде автомобиль көлігінің жүрдек тас жол бойымен жүруі қиындай түскен және кейбір пойыздар да тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу