Жапонияда EXPO-2025 көрмесі басталды

168

Дүниежүзілік көрменің биылғы тақырыбы "Өмір, әлем және болашақ" деп аталады.  

Жапонияда EXPO-2025 көрмесі басталды Фото: japantimes.co.jp

Жапонияның Осака қаласында EXPO-2025 көрмесі жұмысын бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шараның ашылу салтанатында жаңбыр жауып, күн суытса да келушілер көп болды. Осакада EXPO осыдан 55 жыл бұрын өткен болатын.

Айта кетейік, биылғы көрме қала маңындағы Юмэсима жасанды аралында өтіп жатыр. Мұнда әлемдегі ең ірі ағаш сәулет құрылымы салынған. Аумағы 2 шақырымды қамтиды.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, көрмені тамашалауға қазан айына дейін 28 миллионнан астам турист келеді.

Көптеген келушілер көңіл-күйді көтеру үшін Мяку-Мяку талисмандарын алып жүрді немесе оның түстеріне сәйкес келетін киім киді  қызыл, көк және ақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу