Жапонияда іштен жанатын моторы бар көлік болмайды

584

Шектеу бензинді және дизельді қозғалтқышы бар көліктерге қатысты. 

Жапонияда іштен жанатын моторы бар көлік болмайды

Алдағы он жылда автоөндіріс саласы біраз тұралайтын сияқты. Ұлыбритания 2030 жылы дизельді және бензинді көліктерден арылмақ, ал 2035 жылы гибридке кезек келеді. АҚШ-тағы Калифорния штатында 2035 жылы жаңа бензинді көлік сатуға тыйым салынады. Франция дбилігі осыған ұқсас заң қабылдайын деп жатыр. 

Asia Nikkei-дің хабарлауынша, Жапония 2035 жылы іштен жанатын моторы бар көліктен түбегейлі бас тартуды жоспарлап отыр. Күн шығыс елінде электромобильдер мен сутекті көліктер "қаптайды". Сәйкесінше, жанармай құю бекеттері де жұмысын тоқтатпақ. 

Жапониядағы шектеу шаралары тек ішкі нарықты қамтиды, билік ауаға зиян газ шығаруды 2050 жылға қарай толық тоқтатуды көздеп отыр. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу