Жапонияда өлім жазасы орындалды

753

Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.  

Жапонияда өлім жазасы орындалды Фото: Reuters

Жапонияда соңғы 3 жыл ішінде алғаш рет өлім жазасы орындалып, "твиттердегі қанішер" атанып кеткен Такахиро Сираиси дарға асылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Такахиро Сираиси 2017 жылы Канагаваның Зама қаласындағы пәтерінде 8 әйел мен 1 ер адамды буындырып өлтіріп, денелерін бөлшектеген. Ол құрбандарын әлеуметтік желілер арқылы тауып отырған. Жантүршігерлік бұл қылмыс Жапонияда үлкен қоғамдық резонанс тудырған еді.

Жапонияның Әділет министрі Кэйсуке Судзуки өлім жазасын орындау туралы шешімді: "Аса өзімшілдікпен жасалған, қоғамда үлкен дүрбелең туғызған қылмыстарды" ескере отырып қабылдағанын мәлімдеді.

Жапонияда заң бойынша өлім жазасы дарға асу арқылы жүзеге асырылады. Сотталған адамға бұл туралы бірнеше сағат бұрын ғана хабардар етіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу