Жапонияда әлемдегі ең жылдам пойызды жылан тоқтатып тастады

191

Токио мен Осака арасындағы "Синкансэн" жоғары жылдамдықты пойыздарының қозғалысы бір жыланның кесірінен 2 сағатқа уақытша тоқтатылды.  

Жапонияда әлемдегі ең жылдам пойызды жылан тоқтатып тастады Фото: theguardian.com

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жылан бағанаға шығып, жоғары кернеулі сыммен өтуге тырысып, әуе электр сымдарына оратылып, электр желісі тұйықталып қалған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиға сәрсенбі күні кешкі сағат 17:00 шамасында "Майбара" мен "Гифу-Хасима" станциялары арасында орын алған. Пойыздар тоқтап қалғанымен вагондардағы жарық өшпей, кондиционерлер істеп тұрған.

Токиодағы станциялардағы билет сататын автоматтардың жанында ұзын-сонар кезек пайда болған. Қозғалыс кешкі сағат 19:00 шамасында толықтай қалпына келтірілген.

Синкансэн – Жапонияның жоғары жылдамдықты теміржол жүйесі. Алғашқы желі Токио мен Осака арасында 1964 жылғы жазғы Олимпиада қарсаңында ашылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу