Жапонияда спорттық гимнастикадан халықаралық турнир өтеді

661

Бұл коронавирус індеті басталғалы бері күншығыс елінде өтетін алғашқы турнир болмақ.   

Жапонияда спорттық гимнастикадан халықаралық турнир өтеді

Жапония астанасы Токиода спорттық гимнастикадан халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды olympic.kz.

Спорттық гимнастикадан халықаралық сында АҚШ, Жапония, Қытай және Ресейден жалпы есебі 32 атлет бақ сынайды. 

Турнир 8 қарашада басталады деп жоспарлануда. 

Жарысқа қатысушылар екі апта бойы өз елдерінде оқшауланып, арнайы тест тапсырып, турнир басталуына бес күн қалғанда Жапонияға келеді. 

Осылайша спортшылар Жапонияға шетелден келушілерге арналған 14 күндік карантиннен босатылады.   
 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу