Жапонияда тарихтағы ең жоғары ауа температурасы тіркелді

160

Өткен аптада күн өтудің белгілерімен 5 мыңнан астам адам ауруханаға жеткізілді.  

Жапонияда тарихтағы ең жоғары ауа температурасы тіркелді Фото: ОНТ

Жапонияда аптап ыстық жалғасып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Хёго префектурасындағы Танба қаласында ауа температурасы 41,2 градусқа жетіп, ел тарихындағы ең жоғары көрсеткіш ретінде тіркелді. Бұл алдыңғы рекорд – 2018 және 2020 жылдары тіркелген 41,1 градустан асып түсті.

Билік алдағы күндері де ыстық сақталуы мүмкін екенін ескертіп, тұрғындарды сақтық шараларын қабылдауға шақыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу