Жапонияда жер сілкінді

652

Жапонияның батысында 6,3 балдық зілзала тіркелді. 

Жапонияда жер сілкінді Фото: google

Жапония метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, Исикава жағалауындағы Ното түбегінде 6,3 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Түркиялық БАҚ-тың хабарлауынша Жапония уақытымен күндізгі сағат 14:42-де 6,3 балдық жер сілкінісі болды. Тереңдігі 10 шақырымға дейін барған. Жерасты дүмпуінен кейін аймақта "алып толқын" ескертуі жасалмады.

Қатты дүмпу, әсіресе, Вадзима мен Сузу қалаларында, сондай-ақ, Исикава жағалауда сезілді. Ал мемлекеттік телеарна NHK-ның хабарлауынша, жер сілкінісі Жапония теңізінің жағалауындағы Ниигата, Тояма және Фукуи қалаларында да сезілген.

Айта кетейік, 2011 жылы Жапония тарихында ең үлкен зілзала болды. 9,1 балдық жер сілкінісі кезінде 20 мыңға жақын адам қаза тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу