Жапонияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 160-тан асты

268

Төтенше қызметтер 195 тұрғынды іздеу жұмыстарын әлі жалғастыруда.

Жапонияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 160-тан асты Фото: Euronews

Жапонияда 1 қаңтардан бері жалғасып жатқан жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 161-ге жетті, деп хабарлайды сайты 47News жаңалықтар порталына сілтеме жасап.

Жапонияның аймақтық билігі табиғат апаты салдарынан кем дегенде 560 адам әртүрлі дәрежеде зардап шеккенін мәлімдеген. 

"Бұл елдегі 2016 жылы елдің оңтүстік-батысындағы Кумамото префектурасында 273 адамның өмірін жалмап кеткен жер сілкінісінен кейін тіркелген ірі қайғылы оқиға болып отыр", - делінген хабарламада.

Төтенше қызметтер 195 тұрғынды әлі таба алмай отыр. Ең үлкен шығын Исикава префектурасында болған, ол маңда кем дегенде 1370 үй толықтай немесе жартылай қирап қалған. Сондай-ақ өрт салдарынан 300-ге жуық ғимарат жермен жексен болды. Зардап шеккен аймақта электр қуаты, су және жанармай тапшылығы сезіліп жатыр. 

Апат аймағында Жапонияның өзін-өзі қорғау күштерінің бөлімшелерімен бірге іздеу-құтқару операциясы жалғасуда. Құтқарушылар соңғы рет 6 қаңтарда үйінді астынан тірі адамды – қираған үйінің үйіндісінің астында бес күннен астам уақыт жатқан 90 жастағы кейуананы тауып алып шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу