Жапониядағы темір жол станциясына мысық бастық болып тағайындалды

260

Киси станциясында Wakayama Electric Railway компаниясы жаңа бастықты таныстырды.   

Жапониядағы темір жол станциясына мысық бастық болып тағайындалды Фото: 24tv.ua

Бұл қызметке Ентама есімді мысық тағайындалды. Пырылдауық қызметкерді таныстыру рәсімі салтанатты түрде өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл қызмет 2007 жылы Тама атты мысықтан басталған. Ол мысықтың сүйкімділігі сондай, халық соны көруге бола теміржолға келетін болған. Оның 8 жыл мінсіз қызметі нәтижесінде жолаушылар саны жылына шамамен 300 мың адамға артты.

Ал экономикалық тиімділік 1,1 млрд иеннен асты. Сөйтіп Тама шығынға батқан теміржол желісін сақтап қалуға үлкен үлес қосты.

Тама 2015 жылы өмірден өткен соң оның орнын Нитама басты. Ол бұл қызметте он жыл жұмыс істеді. 2025 жылғы қарашада Нитама 15 жасында қайтыс болды. Бұл адам жасымен есептегенде шамамен 75 жасқа тең. Қазір оның орнына шұбар ала Ентама тағайындалды.

Ентаманың міндетіне жолаушыларды қарсы алу, жарнамалық науқандарға қатысу және станция қонақтарының көңілін көтеру кіреді. Мысықтың жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін. Демалыс күндері тұрақты.

Вакаяма префектурасындағы Киси станциясы арнайы мысық бейнесінде қайта жаңғыртылған. Шатыры құлаққа ұқсайды, кіреберісі ауыз пішінінде, ал терезелері көзді елестетеді. Сондай-ақ станция аумағында Тамаға арналған ғибадатхана бар. Синтоистік дәстүр бойынша ол теміржолдың қамқоршы пірі ретінде танылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу