Жапониядағы жер сілкінісінен кейін 15 мыңнан астам адам баспанасыз қалды

Жер сілкінісі салдарынан 34 мыңнан астам тұрғын үй мен басқа да ғимараттардың зақымданғаны расталды. 

Жапониядағы жер сілкінісінен кейін 15 мыңнан астам адам баспанасыз қалды Фото: Kyodo

Жапонияның орталығындағы жойқын жер сілкінісінен үш апта өткен соң, Исикава әкімшілік бөлігіндегі эвакуациялық орталықтарда 15 мыңнан астам адам тұруын жалғастыруда. Бұл туралы inbusiness.kz сайты NHK World-Japan телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті билік 232 адамның қаза тапқанын растады. Тағы 22 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

"Жексенбі күнгі жағдай бойынша, 15 656 адам панада отырған. Алайда, жағдайдың жақын арада жақсаруы екіталай", - делінген NHK World-Japan мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, кейбір эвакуациялық орталықтарда жұқпалы аурулар таралып жатыр.

Сондай-ақ, жер сілкінісі салдарынан 34 мыңнан астам тұрғын үй мен басқа да ғимараттардың зақымданғаны расталды.

Бұдан басқа, 49 мыңнан астам үй шаруашылығының ағыны инфрақұрылымға келтірілген ауыр зақым салдарынан сусыз қалды. Исикава әкімшілік бөлігінің 6 қаласында су беру тоқтатылды.

Кейбір қауымдастықтар жолдардың бұзылуына немесе жабылуына байланысты сыртқы әлемнен оқшауланған. Қазіргі уақытта, мұндай оқшауланған орындар қалмаған болуы мүмкін, бірақ кейбір қауымдастықтар жолдардың нашарлығына байланысты әлі де көмекке мұқтаж.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу