Жапонияға жеткізілетін ресейлік астық көлемі 5680%-ға артты

383

Нақтырақ айтсақ, көрсеткіш 5679,4% құрады. 

Жапонияға жеткізілетін ресейлік астық көлемі 5680%-ға артты Фото: inbusiness.kz

Токио 2023 жылдың шілдесінің қорытындысы бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Ресейден астық импортын 5680%-ға арттырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Жапонияның қаржы министрлігі жариялаған сауда статистикасының деректеріне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, балық пен балық өнімдерінің импорты бір жыл бұрынғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 35,3%-ға төмендеді. Көкөніс импорты 30%-ға төмендеді.

Ресейлік СТГ импорты шілдеде 53,6%-ға, көмір импорты 72,9%-ға, ал түсті металдар импорты 69,5%-ға қысқарды. Түсті металдар кенін сатып алу — 93%-ға, сондай-ақ темір мен болаттан жасалған өнімдерді сатып алу — 52,2%-ға қысқарды.

Жапония санкциялар енгізілгеннен бері Ресейден 987 адамның, оның ішінде жаңа аймақтар мен Қырымнан 304 адамның, 129 ұйымның, 12 банктің активтерін тоқтату туралы жариялады, қорғаныс саласына қатысты 357 ұйымға, компаниялар мен институттарға қатысты Жапониядан экспортқа тыйым салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу