Жапонияның оңтүстігінде жер сілкінді

91

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Жапонияның оңтүстігінде жер сілкінді Фото: Анадолы

Жапонияның оңтүстігіндегі Жанартау аралдары ауданында магнитудасы 6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 12:55-те тіркелген.

Жер сілкінісінің ошағы 20 шақырым тереңдікте орналасқан.

Қаза тапқандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Цунами қаупі жарияланбады.

Жанартау аралдары Жапония астанасы Токио қаласынан шамамен 1250 шақырым оңтүстікте орналасқан. Жалғыз қоныстанған арал – Ио (Иводзима), мұнда Жапонияның әскери базасы орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу