Жапонияның премьер-министрі парламенттің төменгі палатасын мерзімінен бұрын таратқанын растады

160

Енді Күншығыс елінде сайлау болады.  

Жапонияның премьер-министрі парламенттің төменгі палатасын мерзімінен бұрын таратқанын растады Фото: РБК

Жапонияның премьер-министрі Санаэ Такаити парламенттің төменгі палатасын мерзімінен бұрын тарату туралы шешім қабылдағанын айтты. Енді елде сайлау өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Риа Новости" агенттігіне сілтемк жасап.

"Мен премьер-министр ретінде парламенттің төменгі палатасын тарату туралы шешім қабылдадым", – деді Такаити.

Парламенттің кезекті сессиясы 23 қаңтарда өтуі тиіс.

Жапонияның премьер-министрінің сөзінше, ел азаматтары премьер-министрді тікелей сайлай алмайды. 

"Бірақ та, парламенттің төменгі палатасы бойынша сайлау үкіметті айқындайтын сайлау болып саналады. Либералды-демократиялық партия мен Жапонияны жаңарту партиясы орындардың көпшілігін алған жағдайда, Такаити премьер-министр болады", – деді ол.

Санаэ Такаити бүгінде Либералды-демократиялық партияның парламенттің бірде-бір палатасында көпшілік мандатқа ие емес екенін еске салды. Оның айтуынша, партия жетекшісі ретінде ол премьер-министр қызметін атқарып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу