Жапонияның Сыртқы істер министрі Қытайға барады

374

Қытайдың Сыртқы істер министрі Цинь Ган жапондық әріптесі Ёсимаса Хаясимен телефон арқылы сөйлесіп, оны Қытайға шақырды. 

Жапонияның Сыртқы істер министрі Қытайға барады Фото: cdn.trend.az

Бұл туралы Жапония сыртқы саясат ведомствосының басшысы Токиода өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Кеше Сыртқы істер министрі Цинь Ганмен болған әңгіме барысында ол мені Қытайға шақырды. Іс-сапардың нақты мерзімдері алдағы уақытта келісіледі", - деді ол.

Цинь Ган Қытай дипломатиялық ведомствосының басшысы болғаннан бері Жапонияның Сыртқы істер министрімен алғаш тілдесті.

Диалог барысында тараптар екіжақты қатынастарды, Украина төңірегіндегі жағдайды, сондай-ақ КХДР-ның зымыран-ядролық проблемасын талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу