"Жәрдем" медициналық пойызының ендігі бағыты – Қызылорда облысы

681

Пойыз бағытына барлығы 7 облыс кіреді: Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстары.

"Жәрдем" медициналық пойызының ендігі бағыты – Қызылорда облысы

Медициналық пойыз Қызылорда облысына аялдап, онда 11 станцияның тұрғындарын тексереді: 11-12 тамыз Абай, 13-14 тамыз Аралқұм, 15-16 тамыз Қамыстыбас, 17-18 тамыз Бекбауыл, 19-20 тамыз Байқожа, 21-22 тамыз Бостандық, 23-24 тамыз Қаракеткен, 25-26 тамыз Қараөзек, 27-28 тамыз Майлытоғай, 29-30 тамыз Бесарық және 31 тамыз - 1 қыркүйек Сауран.

Медициналық пойыз құрамында бүкіл ағзаның ауруларын толық тексеру мен ауруды алдын алу үшін қажет мамандар жұмыс істейді.  Әртүрлі бейіндегі білікті мамандар қатарында: терапевт, педиатр, кардиолог, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, стоматолог, психолог және дерматовенеролог бар.

Естеріңізге сала кетейік, "Жәрдем" медициналық пойызы 23 мамырдан 6 қарашаға дейін 80 станцияға барады, онда шалғайдағы ауылдар мен теміржол разъездерінен 43 мыңнан астам пациент білікті медициналық көмекпен қамтылады деп жоспарланып отыр.

"Саламатты Қазақстан" пойызымен бірлесіп, медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ шалғай станциялардың тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетіледі. "Саламатты Қазақстан" екінші медициналық пойызы Павлодар облысында жұмыс жүргізуде.

"Медициналық пойыздар" жобасы алғаш рет 2010 жылы іске қосылды және жыл сайын 2019 жылға дейін жүзеге асырылып келіп, пандемия кезінде үзіліс жасалды. Осы кезеңде "Денсаулық", "Жәрдем" және "Саламатты Қазақстан" консультативтік-диагностикалық үш пойызы Қазақстанның 1700-ден астам шалғай өңіріне барып, 488 880 тұрғынды тексерді.

Медициналық пойыздардың қозғалыс кестесі туралы нақты ақпаратты жобаның www.medpoezd.kz ресми сайтынан немесе 8 7172 60 45 94, 8 701 206 15 40 нөмірлері арқылы, сондай-ақ @medpoezd.kz Instagram парақшасынан біле аласыздар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу